Ертең Қостанайда жылыту маусымы аяқталады.
Қысқа салқын күндерден кейін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының тұрақты жоғарылауына байланысты «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК тұтынушыларды ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап жылу беру маусымының аяқталуы туралы хабарлайды.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен денсаулық сақтау нысандары өтінімдердің түсуіне қарай ажыратылатын болады.
Жылыту маусымын қарызсыз аяқтауыңызды сұраймыз.