ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ

Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары!

2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы кезең-кезеңімен басталады:

🔹 28 қыркүйектен бастап — балабақшалар, мектептер және медициналық ұйымдар;

🔹 1 қазаннан бастап — көппәтерлі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер.

Жылу қабылдауға дейін үйлердегі жылыту жүйелерінің дайындығын қамтамасыз етіп, жапқыш арматураның, радиаторлар мен үйішілік жылу желілерінің жарамдылығын тексеруді сұраймыз.

Жылу беру жылыту жүйелерінің дайындығына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

«Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» МКК