«ҚЖЭК» МКК ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша бекітілген тарифтік сметаның, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп береді.
Есеп 2025 жылғы 23 сәуірде сағат 14-00-де Қостанай қаласында Бородин көшесі, 231 үшінші қабат, акт залы мекен-жайындағы басқарма ғимаратында өтеді.
Кәсіпорын әкімшілігі