Жылу энергиясын тұтынушылардың назарына!
Магистральдық және орамішілік жылу желілерін гидравликалық сынау қорытындысы бойынша жоғары қысыммен 5 құбырдың жарылысы анықталды, оның 2-і Бородин көшесі мен Дощанов көшесі бойынша жедел жойылды.
Қазір қалған үш құбырдың жарылысы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
– Тәуелсіздік көшесі- Баймагамбетова көшесі;
– Тәуелсіздік көшесі – Бородина көшесі;
– Мауленова көшесі.
Кәсіпорын барлық құбырлардың жарылысы мен ақауларды қысқа мерзімде жою үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
Сонымен қатар, “QAZAQGAZ AIMAK” АҚ тарапынан “ҚЖЭК” МКК жылу көздеріне газ беруді өшіруге байланысты ыстық сумен жабдықтауды іске қосу 2025 жылғы 15 тамыздан кейін, құбырлардың жарылысы әлі жойылмайтын аудандарды қоспағанда, өтетінін еске саламыз.





