Құрметті «Алтын Арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары.
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК Сізге алдағы 2025-2026 жылыту маусымына дайындық мақсатында 10 маусымда ауданыңыздың жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілгенін хабарлайды. Жүргізілген гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша жылу желілерінде 4 құбыр жарылысы анықталды, олар 11 маусымда қазандықты іске қосуға және тұрғын үйлерге ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіруге мүмкіндік бермеді.
Жылу камераларында табылған үш құбыр жарылысы 13 маусымға дейін жойылады. 14 маусымда келесі үйлерге ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі:
– Н. Назарбаев даңғылы №195, 197, 199, 205, 207, 209, 211, 213, 215.
Н. Назарбаев даңғылы №223, 225, 227, 229, 231 бойынша қалған 5 үй 19 маусымға дейін жерасты жылу желісіндегі құбыр жарылысы жойғаннан кейін ыстық сумен жабдықтауға қосылатын болады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.





