2026 жылғы 1 қыркүйекте «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектісінің объектілері – «КЖЭК» МКК бойынша баспасөз турын өткізді.
Баспасөз туры барысында «КЖЭК» МКК директорының орынбасары-бас инженері Вячеслав Владимирович Плотниковтың 2025 жылғы инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы баяндамасы тыңдалды.
2025 жылы инвестициялық бағдарлама шеңберінде 65 іс-шараны іске асыру үшін барлығы 2 530,4 млн.теңге көзделген.
БАҚ өкілдері 2025 жылғы инвестициялық бағдарлама аясында іске асырылған үш нысанды аралады:
- «Қостанай қаласындағы ЖЭО-да экологиялық мониторинг жүйесін орнатумен қайта құру».
- «Экрандық құбырларды, коллекторларды 100% ауыстырумен, ЖЭО-2-де бу өткізгіш құбырларды ішінара ауыстырумен №3 бу қазандығын күрделі жөндеу».
- «ЖЭО-2-дегі № 1-4 жылу алмастырғыш пластиналы аппараттарды күрделі жөндеу».
«КЖЭК» МКК инвестициялық бағдарламасы бойынша іс-шараларды орындау 2025-2026 жж.жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге және Қостанай қаласының тұтынушыларына жылыту және ыстық сумен жабдықтау бойынша сапалы қызметтер көрсетуге, сондай-ақ жылу шығынын 1 995,5 Гкал-дан 1 128,5 Гкал-ға дейін азайтуға және табиғи газ шығынын 65,8 млн. м3-тен 58,2 млн. м3-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.







