ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК заңда белгіленген тәртіппен тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2025 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша бекітілген тарифтік сметаның, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп жүргізеді.

Есеп 2025 жылғы 25 шілдеде сағат 14-00-де Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 231, үшінші қабат, акт залы мекен-жайы бойынша «ҚЖЭК» МКК әкімшілік ғимаратында өтеді.

«ҚЖЭК» МКК әкімшілігі