«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК жылумен жабдықтау
қызметтерін пайдаланатын тұтынушылардың назарына
«ҚЖЭК» МКК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңіне сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, тұтынылған жылу энергиясы үшін көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеді.
«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ—нің 30.07.2025 жылғы № 39-03-09/301 – И шешіміне сәйкес, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ «халық» тұтынушылар санаты үшін ҚҚС есебімен бір шаршы метрге 124,375 теңге қайта есептеу жүргізілді.
Қайта есептеу (қайтару) сомасы тұтынушылардың дербес шоттарына жіберілді, хабарламалар шоттарында 2025 жылғы шілде айындағы жеке жолмен көрсетілген.
«ҚЖЭК» МКК бойынша жылумен жабдықтау қызметтері үшін тұтынушыларға қайтарудың жалпы сомасы 52 777,313 мың теңгені құрады.
«ҚЖЭК» МКК әкімшілігі.





