Киіз етіктегі хоккей

Бүгін 2-ЖЭО базасында “ҚЖЭК”МКК құрылымдық бөлімшелерінің жыл сайынғы біріншілігі шеңберінде хоккей бойынша жолдастық жарыстар өтті. Біздің хоккей ерекше: конькилердің орнына-етік, шайбаның орнына-доп-сондықтан біз қатысушылардың қауіпсіздігіне мән береміз. Мұндағы ең бастысы-техника емес, достық, өзара көмек және командалық рух.

Қаланың үйлері мен нысандарында жылуды қамтамасыз ету жұмысындағы сияқты, ойында да үйлесімділік, сенім және әріптестердің қолдауы маңызды. Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын – №3 қазандық
2 орын-2-ЖЭО
3 орын – шағын қазандықтар цехы

Жүлдегерлерді құттықтаймыз және барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге жылы, достық атмосфера үшін алғыс айтамыз. Естеріңізге сала кетейік: ертең сағат 14:00‑де 2-ЖЭО аумағында ерлер мен әйелдер арасында биатлоннан жарыс өтеді-өз спортшыларыңызды қолдауға келіңіздер!